KZ
KZ RU
08 желтоқсан 2016 15:20

Ненад Эрич Instat компаниясының тұжырымы бойынша Премьер-Лиганың үздік қақпашысы атанды

08 желтоқсан 2016 15:20

Қақпашылар арасында өткен маусымда «Астана» ойыншысы Ненад Эрич үздік атанды. Оның индексі 203-ке тең. Сараптама жасалғанда, қайтарған соққылардың саны, қарсыластардың шабуылдары кезінде қақпашылардың ойыны, дәл тиген пастардың саны және басқа да көрсеткіштері қарастырылды. Қазақстанның үш дүркін чемпионы осы маусымда 30 ойынға қатысып, өз қақпасына 21 гол жіберген екен. Барлығы Эрич 79 рет соққыларды қайтара алған және 29 сэйв жасады. Қақпадан шыққан кезде де Эрич сәтті ойнаған - әрекеттердің 95 пайызы сәттілікпен аяқталған. Пастардың дәлдігі 81 пайызды құрайды.

Екінші орында - ресейлік «Ростов» клубында жалға алынған «Қайраттың» қақпашысы Стас Покатилов. Оның индексі 201-ге тең. Қазақстан құрама командасының қақпашысы Премьер-Лигада 8 ойын өткізіп, 6 гол жіберген. Барлығы 24 рет қарсыластардың соққыларын қайтарып, 6 сэйв жасаған. Қақпадан шыққан кезде де Покатилов сәтті ойынды көрсете алды – әрекеттердің 87 пайызы сәтті болып саналады. Бүгін өзінің 24-жылдығын тойлайтын голкипердің пас дәлдігінің көрсеткіші – 84 пайыз.

Үшінші орында - көкшетаулық «Оқжетпестің» қақпашысы Саша Стаменкович орналасқан. Оның орташа индексі – 197. 29 ойында сербиялық ойыншы 40 гол жіберген. Қайтарған соққылардың санын алсақ, Стаменкович маусымның үздік қақпашысы атағын алады. Ол 112 рет допты қайтара алды. Оған қоса, көкшетаулық қақпашы 55 сэйв жасаған. Қақпадан шыққан кезде де Саша сәтті ойнаған - әрекеттердің 90 пайызы сәттілікпен аяқталды. Пастардың дәлдігі 77 пайызды құрайды.

Төртінші орыннан «Ордабасының» қақпашысы Алмат Бекбаев көрінді, бесінші орында – Денис Төлебаев («Ақжайық»). Солардан кейін «Ертістің» қақпашылары – Антон Цирин (алтыншы) және Давид Лория (жетінші) жайғасты. Сегізінші орында – Жасұр Нарзықұлов («Атырау»), тоғызыншы – Александр Григоренко («Тараз»). Оныншы болып «Ақтөбе» клубының қақпашысы Самат Отарбаев үздіктер қатарына енді.

 

Келесі мақалаларда сіздерді басқа көрсеткіштердің үздік ойыншыларымен таныстырамыз.