20 сәуір 2013 22:54
Ненад Эрич: «Жеңіліске мен де кінәлімін»
20 сәуір 2013 22:54
- Жеңілістен кейін бірәрсе деу қиын екен. Бүгін "Астана" өрнекті ойын үлгіміг көрсете алды деп есептеймін. Дегенмен, жеңілісті өз мойныма аламын. Өйткені, қақпамызға екінші гол соғылғанда дәрменсіздік танытып қойдым. Сондықтан, жеңіліске 90 пайыз мен кінәлімін. Жанкүйерлердің барлығынан кешірім сұраймын.
- Енді жігіттердің көңіл күйі қалай?
- Бұдан кейін көңіл күйлері қайдан болсын?! Негізі, бұл біздің биылғы маусымдағы ең әдемі ойынымыз болған. Өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Дегенмен, еңсені түсірмеу керек. Бізге тек чемпиондық қажет.
Сәкен Спанов, Арнайы КФЛ сайты үшін
Басқа жаңалықтар