KZ
KZ RU
20 сәуір 2022 14:52

Николай Костов Николовқа наурыз айының үздік бапкері сыйлығын табысталды

20 сәуір 2022 14:52

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының 6 туры «Каспий» - «Атырау» ойынының алдында ақтаулық клубтың бас бапкері Николай Костов Николовты 2022 жылдың наурыз айында жарыстың үздік бапкері сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Үздік бапкерді анықтайтын сауалнамаға Чемпионатқа қатысушы командалардың бас бапкерлері қатысты.
 
«Каспийдің» бапкері сауалнамада екінші және үшінші орын алған Құрбан Бердыевты («Қайрат») және Руслан Костышинді («Ақсу») озды.
 
Жүлдені Николай Костов Николовқа «Нефтяник» (Жаңа Өзен) клубында, сондай-ақ Ресейдің әр түрлі командаларында өнер көрсеткен Маңғыстау футболының ардагері Юрий Владимирович Рассохин табыс етті.