KZ
KZ RU
14 қаңтар 2016 14:09

Николай Панин: «Оқжетпес» футбол маусымының басында Астанада ойнайды»

14 қаңтар 2016 14:09

- Николай Борисович, белгілі агент Рустам Раджабов "Оқжетпестің" спорт директоры ретінде тағайындалды. Осы адам туралы не айта аласыз?

- Раджабовпен көптеген жылдар бойы таныспыз. Ол кәсіби деңгейде футбол ойнады және осы спорт түрін өзінің бес саусағындай біледі. Раджабов көптеген футболшылармен таныс, футбол әлемінің белгілі өкілі. Оның кәсіби деңгейі өте жоғары және ол тек "Оқжетпес" футбол клубының қамын ойлауда. Трансферлік мәселелерді Рустам тез арада шешеді. Сондықтан біздің таңдауымыз ешкімді күмәндандырмайды.

- БАҚ-та көкшетаулық футбол клубының жаңа ойыншылары жайлы көп жазылған. Мысалы, Юрин, Богданов, Молдақараев, Жұмаханов…

- Юрин мен Богдановты мен бұрыннан білемін. Игорьмен біз жақында келісімге келдік, ал Богданов туралы айту ерте. Бірақ Анатолиймен келісім-шартқа отыруына мен сенімдімін. Молдақараев пен Жұмаханов туралы айтсақ, олар өте тәжірибелі футболшылар. Біз оларға өткен жылы көп қарадық, ойландық. Жасұлан мен Санаттың ойынын Владимир Муханов та біледі. 

- Ал белгілі шабуылшы Александр Алхазов туралы не айта аласыз?

- Өткен жылы ол "Оқжетпеске" келуі керек еді, бірақ "Волгарь" футбол клубының басшылары Алхазовты Көкшетауға жібермеді. Жақында олармен тіл табыстық. Алхазовтың келуі біздің команда үшін үлкен жетістік. 

- "Оқжетпестің" шамшылдығы қазір де байқалып тұр. Өткен жылы командаға үздіктер қатарына қосылу үшін сәл тәжірибе жетіспеген сияқты. Бұл жолы қандай мақсат тұр?

- Өткен жылы команда тек қана құрыла бастады. Ол өте қиын іс. Осы жылы команда алдында нақты нысана тұр - үздікті алты команданың қатарына кіру. Чемпионаттың екінші кезеңінде мүмкіндігінше жоғары орын алуға тырысамыз. 

- Лука Роткович клубтан кетті. Ол осы шешімге өзі келді ме?

- Чемпионат аяқталғаннан кейін мен Ротковичпен сөйлестім. Бірақ осы іске оның агенті араласты. Шынымен, Көкшетауда Лука футболист ретінде үлкен жетістіктерге жетті, дамыды. Соңғы сөзді бас бапкер айтты. Владимир Муханов Луканың 13 гол соққанына қарамастан, команда ойынына араласпай, допты сырт тепті. Менің білуімше, Премьер-лига клубтарынан Лукада басқа ұсыныстар жоқ екен. Осы шабуылшы туралы біз облыс әкімі Сергей Витальевич Кулагинмен де сөйлестік. Ол бізді осы шешімде қолдады. 

- Өткен маусымның басында команда Астанана ойнады. Осы жылы жағдай қайталана ма?

- Иә, осы жылдың маусымында да Астанада ойнаймыз. Біздің қосалқы нұсқамыз Щучинк қаласының маңайында "Жақсы" дейтін базамыз бар, бірақ көктемде ауа-райы жиі бұзылып, біздің осы жоспарымызға кедергі жаса алатын түрі бар.