Николай Панин: «Оқжетпес» жаңа маусымда үштікке ену үшін бар күшін салады»
- Николай Борисұлы, жаңа маусымға дайындық қалай өтіп жатыр? Командаңыз бүгінгі күнге қанша пайызға нақты құрылған?
- Негізі, дайындық бапкерлік штабының жоспары бойынша өтуде. Біз команданың жемісі жұмысы үшін ең тиімді және қолайлы жағдайлар туғызамыз. Оған қонақжайлар, алаңдар, жолдастық кездесулердегі қарсыластар кіреді. Жаңа маусымда команданы киіндіретін фирманы да таптық. Ол бүкіл әлемге танымал «Kappa» итальяндық компаниясы. Айтпақшы, біз - осы компанияның формасымен ойнайтын Қазақстандағы алғашқы команда. Ал ұжымымыз туралы айтатын болсақ, 85-90 пайызға команданың құрамы анықталды. Қазір мықты шабуылшы іздейміз.
- «Оқжетпеске» жаңадан келген ойыншылар да қосылды. Солардың ішінде кезінде мәскеулік «Спартак» командасында өнер көрсеткен шабуылшы Александр Козлов, Лукас Хорват, Әлібек Аяғанов, Даниил Цой, Александр Марочкин және тағы да басқалар. Осы ойыншылар туралы не айта аласыз? Командаңыз осы жылы тек жас ойыншыларды шақырып жатыр. Соны байқадық. Бұл бас бапкердің шешімі ме?
- «Оқжетпеске» жас пен тәжірибелі футболшылардың келуі бізді, әрине, қуантады. Себебі командада жас пен көпті көрген ойыншылардың құйындысы болуы тиіс. Ол үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген жылдар бойы жоғары дәрежеде өнер көрсете алатын қазақстандық футболшылар өте аз. Сондықтан осындай тәжірибелі ойыншылардан ешқашан да бас тартпаймыз. Ең бастысы – олардың дәмесі зор болмасын. Өйткені бюждетіміздің мүмкіндіктері шектеулі.
- Өткен маусымның басты сұрмергендері Жасұлан Молдақараев пен Серж Бандо командадан кетті. Бұл олардың шешімі ме, әлде бапкерлік штабтың ойыншылардан көңілі қалды ма?
- Серж Бандо туралы айтатын болсақ, онымен келісім-шартты ұзартпау – бапкерлердің шешімі. Молдақараевтың жағдайы басқаша. «Алтай» футбол клубының проблемасын білеміз, сондықтан бапкерлік штабпеп ақылдасып, Жасұланды қайтаруға келістік.
- Көкшетаулық жанкүйерлер жергілікті шәкірті Тимур Досмағамбетовтың оралуына қуанды. Келіссөзді қалай жүргіздіңіз? Тимурдың «Тобылмен» келісім-шарты болды емес пе?
- Оны біз 2016 жылы қайтарғымыз келді, бірақ, Досмағамбетов сонда бұрынғы клубын таңдады. Осы жылдың басында Тимурды тағы да шақырдық. Онымен де, агентімен де сөйлестім. Сөйтіп, Көкшетауда өнер көрсететінін жөн көрдік. Еш өтемақысыз оны қайтардық. Осындай шешімге өкінбейтініне сенімдімін. Тимур енді өз қалада тұрып, көкшетаулық жанкүйерлер үшін ойнайды.
- Келесі маусымда команда алдында қандай мақсат тұр?
- Нақты мақсатымыз бар. Оны бізге әкім облысы Сергей Виталийұлы Кулагин қойды. Тек еурокубоктық орынға іліну ғана емес, үштікке ену қажет.
- Бірнеше жылдар бойы «Оқжетпес» чемпионатты Астана қаласында бастайды. Осы жылы қалай болады? Мүмкін, команда маусымды жасанды алаңы бар Щучинск қаласында бастаса ше?
- Әрине, осындай мәселе бар. 2017 жылы Көкшетауда жаңа стадионның құрылысы басталады. Ол құрылыс көктемге дейін аяқталмайтыны анық. Сондықтан біраз уақыт «Астана Аренада» ойнайтын шығармыз. Егер еліміздің бас аренамызда жөндеу жұмыстары наурыз айында басталса, онда Щучинск қаласының «Жақсы» базасында қонақ командаларын қарсы аламыз.
- Клубтың жанкүйерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Көкшетау тұрғындарын стадионға тарту белсенді саясаты жалғаса ма?
- Әрине, бұл сөзсіз. Баспасөз және маркетинг бөлімдерінің қызметкерлері осы жұмысты жалғастырады. Осы жылы клубымыз өзінің 60-жылдық мерейтойын атап өтеді. Оған қатысты көптеген шаралар болады. Команданың презентациясын өткізу де жоспарымызда бар. Ол үшін ойыншылар және бапкерлік штаб әдейі Астанадан Көкшетауға бір күнге келеді. Ашық жаттығулар да өткіземіз. Оған кез-келген жанкүйер келе алады. Барлық жоспарлар ресми сайтта және әлеуметтік желілерде шығатын болады. Көптеген компаниялармен де серіктестікті нығайтуға тырысамыз. Мысалы, «My SPORT» компаниясымен бірлесіп жұмыс атқардық. Осы жылы да байланыстарды үзбейміз. Ресей спорт басылымдар көшбасшыларының бірі Чемпионат.com –мен жаңа келісім-шарт жасалады. Сонымен, жұмыс көп. Барлығын үлгеруге тырысамыз. Осыны көкшетаулықтар байқап, стадионға белсенді түрде баратындарына сенімдіміз. Олардың қолдаулары бізге әрқашанда қажет.
Сұхбат кезінде қолдау көрсеткен «Оқжетпес» клубының баспасөз қызметіне алғысымызды білдіреміз