KZ
KZ RU
27 ақпан 2012 21:58

Оң аяқпен екі гол

27 ақпан 2012 21:58

Бүгін "Тобыл" Өзбекстанның "Машъал" клубымен ойнады. Қазақстандық маман Владимир Фомичевтің командасы өткен маусымда Өзбекстан біріншілігінде 5-орыннан көрінген. Мұның алдында олар Қаскелеңнің "Сұңқарын" жеңген болатын.

Кездесудегі есепті Нұрбол Жұмасқалиев соқты. Алыстан шірене тепкен жерлесіміздің добы тура қақпа торынан табылды. айта кетейік, дәл осындай голды Нұрбол мұның алдындағы ойында "Газовик" қақпасына соққан. Қарсыластар есепті пенальтиден теңестірді. Одан кейін Сергей Концевой мен Евгений Аверченко бір-бір голдан соғып, "Тобыл" 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді "Тобыл" маусымаралық үзілістің соңғы спаррингтік кездесуін өткізеді. 3 наурызда қостанайлықтар алаңға Мәскеудің "Торпедосына" қарсы шықпақ.



fc-tobol.kz