KZ
KZ RU
23 қыркүйек 2011 15:30

Оң құбылыс

23 қыркүйек 2011 15:30

Жақында Орал қаласында Премьер-лига және 1995 жылы туған ойыншылар дивизионы клубтарының арасындағы біріншіліктің ақтық бөлімі өтіп, соның барысында ҚФФ вице-президент Виктор Катков жас ойыншылардың жағдайымен, функционалдық дайындығымен және турнирдің ұйымдастырылу деңгейімен нақтылай танысып шықты. Сондай-ақ, командалардың демалыс күнінде бапкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Тірнирдің аяқталысымен, ҚФФ вице-президенті командалардың бапкерлері тағы да жиылып, қорытынды жасады.

- Қазақстанның әр түпкірінен Оралға жиналған бапкерлер арасында ашық диалог өткіздік, - дейді Виктор Катков. – Бір жағдай анық: бізге бұл кездесу керек болған. Бәрінен де қуантатыны – біздің бапкерлер білімін жетілдіріп, дамытудың қажеттілігін анық түсінгені. Бұрынғыдай, «керегі не, мен онсыз да білемін» деген пікір жойылған. Олар футболдың алға қатты дамып кеткенін түйсінген, квалификация арттыру керек-ақ. Өздеріңіз білетіндей, бізде жақсы жұмыс істеп отырған ҚФФ жанында техникалық орталық бар, бұнда мамандарды С, В, А категорияларымен бірге РRO категориясына да оқыту қатар жүреді. Техникалық орталықтың жемісті еңбек етіп отырғанына қоса, мамандар олардың аймақтар бойынша шығып, семинарлар өткізуін де ұсынды. Бұның барлығы оң құбылыс екені анық.

- Біздің бапкерлерді қандай мәселелер ойландырып жүр екен?

- Жаттығу үрдісін ұйымдастыру мен сұрыптау жұмыстар жүргізуге қатысты көптеген сұрақтар қойылды.

- Теріс құбылыстар байқалмайды ма екен?

- Бұл жерде сол бапкерлердің тәртібіне қатысты айту керек шығар. Біз тәртіпсіздікпен белсенді күресудеміз, тіпті жоюға да жақынбыз. Бірақ қазір төрешілерге қарсылық тағы да байқалып қалуда. Бұрын кейбір бапкерлердің өзін өзі ұстауы еш сын көтермейтін болатын: техникалық аймақта шылым шегіп, былапыт сөздер қолданып, төрешілермен сөзге келетін, өз шәкірттерінің намысына тиетін. Бұдан кету керек еді, біз арнайы шаралар қолдандық. Қазір ондай жоқ. Дегенмен кейбір жағдайлар арасында шығып қалып отырады. Жақында этика жөніндегі комитет «Жетісу» ФК дайындық тобының бапкері Әнуар Арыстанбаевты жазалағанын білесіздер. Ондай жағдайлар қазақстандық бапкерлерге абырой бермейді, олар өздерінің жағымсыз әдеттерінен арылуы тиіс. Өйткені олар балаларды тек жаттықтырып қоймай, олардың санасында әсер етеді, үлгі болады.
Сондай-ақ клубтардың жұмыстарын ұйымдастыруда да мәселелер баршылық: кейбіреулері балаларды қонақүйге емес, пәтерлерге орналастырады. Бұл дұрыс емес шаруа. Оралда балалардың жағдайы дұрыс ұйымдастырылған. Бұл жайында клуб басшыларымен жеке сөйлесетін боламыз, балаларға деген салқынқандылықтың алдын алатын боламыз.

- Сұрыптау жұмыстары сұрақтары көтерілді...

- Сұрыптау жұмысы мен оның маңызы жөнінде көп сөйлестік. Бізде сұрыптау және талдау бөлімдері қызмет етеді. Тағы бір жағдай – бақылау нормативтерін тапсыру. Олар неше жылдан бері сайысқа бір күн қалғанда дайындық бастайды. Олар дәл жұмыс істеуі керек, өйткені оларға сұрыптау және талдау бөлімдері иек артатын болады. біздің жұмысымызға көп нәрсе бағынышты: құрамалар болшағы, талантты ойыншылардың болашағы, оларды жер жерден тауып алуымыз қажет. Әсіресе, осы жаста. Тіпті, футболшыны тәрбиелеуде ең маңызды кезең 16-17 жас аралығы. Дәл осы жылдары ойыншылар спортшылық жағынан ғана емес, тұлғалық жағынан да қалыптасады. Сондықтан екі есе мұқият болуымыз шарт.