KZ
KZ RU
08 шілде 2021 15:58

OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының маусым айының үздік голы таңдалды

08 шілде 2021 15:58

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының маусым айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 470 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қызыл-Жар» – «Астана» (18-тур) кездесуінде соғылған Юрий Бушманның нәтижелі соққысы атанды. Бушманның голына 239 (50,85 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.