OLIMPBET-Қазақстан Кубогының ширек финал ойындарының күнтізбесі белгілі болды
OLIMPBET-Кубоктың топтық кезеңінің қорытындысы мен ¼ финалдың жеребесіне сәйкес келесі жұптар құрылды: «Астана» - «Каспий», «Қайрат» - «Қайсар», «Тараз» - «Шахтер», «Қызыл-Жар СК» - «Тобыл».
OLIMPBET-Қазақстан Кубогы Регламентіне сәйкес ширек финал 2 ойыннан тұрады. Кезеңнің алғашқы кездесулері бірінші болып көрсетілген клубтардың стадиондарында өтсе, ал қарымта ойындар екінші командалардың алаңдарында өтеді.
«Қайрат» және «Шахтер» футбол клубтарының УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне қатысуына және Люксембург пен Израильге ұзақ жол сапарының қиындығына байланысты «Қайрат» - «Қайсар» және «Тараз» - «Шахтер» жұптарындағы алғашқы ойындар 2021 жылдың 22 қыркүйегіне ауыстырылса, қарымта ойындардың жоспарланған күні – 2021 жылдың 27 қазаны.
ҚКФЛ Әкімшілігі күнтізбедегі ойындардың тығыздығын ескере отыра, сонымен қатар қыркүйек пен қараша айларында футболдан Қазақстан ұлттық және жастар құрамаларының халықаралық ойындарының көп болуына байланысты OLIMPBET-Кубогының жартылай финалдық ойындары мен жарыстың финалын 2021 жылдың желтоқсан айына ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда.
OLIMPBET-Кубогының жақын арада өтетін ойындар күнтізбесі: