KZ
KZ RU
25 мамыр 2021 17:00

OLIMPBET-Қазақстан Кубогының топтық кезеңі және ¼ финалының жеребесі тартылды

25 мамыр 2021 17:00

Футбол үйінде 2021 жылғы OLIMPBET-Қазақстан Кубогының топтық кезеңі және ¼ финалының жеребесі тартылды.

Жаңа маусымнан бастап Қазақстан Кубогының форматы өзгерді. Турнирдің алғашқы үш кезеңінде Бірінші және Екінші лига өкілдері іріктелді. Іріктеу қорытындысы бойынша №8 БЖМОРСМ және «Мақтаарал» командалары топтық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Топтық кезеңде аталмыш екі клуб ел чемпионатының 14 өкіліне қосылды. OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 16 қатысушысы жеребе қорытындысы бойынша 4 топқа бөлінеді.
 
Жеребе қорытындысы бойынша OLIMPBET-Қазақстан Кубогының келесі топтары пайда болды:
«А» тобы: «Шахтер», «Ордабасы», «Қызыл-Жар», №8 БЖМОРСМ
«В» тобы: «Тобыл», «Тараз», «Атырау», «Мақтаарал»
«С» тобы: «Астана», «Қайсар», «Ақтөбе», «Ақжайық»
«D» тобы: «Қайрат», «Жетісу», «Каспий», «Тұран»
 
Әр команда топта 6 ойын өткізеді («үйде» және «қонақта» форматы бойынша). Әр топтың екі үздік командасы турнирдің ¼ финалына өтеді. OLIMPBET-Қазақстан Кубогының топтық кезеңінің басталуы 10 шілдеде жоспарланған.
 
 
OLIMPBET-Қазақстан Кубогының ¼ финалының жеребе қорытындысы:
Жұп 1: B 2 - A 2
Жұп 2: D 2 - C 2
Жұп 3: C 1 - D 1
Жұп 4: A 1 - B 1