KZ
KZ RU
24 мамыр 2021 23:35

OLIMPBET-Қазақстан Кубогының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі

24 мамыр 2021 23:35

25 мамырда Футбол үйінде 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-Қазақстан Республикасы Кубогының топтық кезеңі және ¼ финалының жеребе тарту рәсімі өтеді.

Жаңа маусымнан бастап Қазақстан Кубогының форматы өзгерді. Турнирдің алғашқы үш кезеңінде Бірінші және Екінші лига өкілдері іріктелді. Іріктеу қорытындысы бойынша №8 БЖМОРСМ және «Мақтаарал» командалары топтық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Топтық кезеңде аталмыш екі клуб ел чемпионатының 14 өкіліне қосылды. OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 16 қатысушысы жеребе қорытындысы бойынша 4 топқа бөлінеді.

Барлық қатысушылар 2020 жылғы маусымның спорттық қорытындысына сәйкес алдын ала төрт себетке бөлінген:
1 себет: «Қайрат», «Тобыл», «Астана», «Шахтер»;
2 себет: «Ордабасы», «Жетісу», «Қайсар», «Тараз»;
3 себет: «Қызыл-Жар», «Каспий», «Ақтөбе», «Атырау»;
4 себет: «Тұран», «Ақжайық», №8 БЖМОРСМ, «Мақтаарал».
 
Жеребе елорда уақытымен 15:00-де басталыпҚКФЛ ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.