KZ
KZ RU
28 қыркүйек 2021 15:00

OLIMPBET-Қазақстан Кубогының жартылай финалының жеребесі тартылады

28 қыркүйек 2021 15:00

28 қыркүйекте Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 2021 жылғы маусымдағы жартылай финалының жеребесі тартылады.

Бірінші болып ½ финалда ойнау құқығын «Тобыл» мен «Астана» жеңіп алды. Қалған екі жолдаманың «Қайрат»-«Қайсар» және «Тараз»-«Шахтер» жұптары сарапқа салады. Бұл жұптардың алғашқы ойындары 3:0 және 0:0 есебімен аяқталды.

Жеребенің тікелей көрсетілімі елорда уақыт бойынша сағат 15:00 ҚКФЛ ресми сайтында жоспарланған.