KZ
KZ RU
11 ақпан 2021 11:50

OLIMPBET – Қазақстан Суперкубогының басты серіктесі

11 ақпан 2021 11:50

Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы “OLIMPBET” букмекерлік компаниясымен «OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасының Суперкубогының» жаңарған турнирін ұйымдастыру барысында серіктес атанғаны туралы хабарлаймыз.

Келісім-шарт бойынша футболға деген қызығушылықты арттыру және басталғалы тұрған жаңа маусымның беделін көтеру үшін Суперкубоктың жаңа форматын ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен қатар “OLIMPBET” компаниясымен жүлделі орындарға ие болған командаларға және жеңімпазға 40 миллион теңге көлемінде жүлде қоры бөлінді. 

ҚКФЛ мүшелік ететін барлық клубтардың қолдауымен OLIMPBET-Суперкубогы атты жаңа турнирге өткен маусымда Қазақстан чемпионатының жеңімпазы («Қайрат»), екінші және үшінші орындарға ие болған командалар («Тобыл», «Астана») және де Қазақстан Кубогының иегері қатысады. Егер футбол маусымында Кубок иегері анықталмаса, онда турнирге OLIMPBET-Чемпионатында төртінші орынға ие болған команда («Шахтер») қатысуға құқылы.  

OLIMPBET-Суперкубогы екі жартылай финал ойындарынан (2, 3 наурыз) және үшінші орын үшін кездесу (5 наурыз) мен финалдан (6 наурыз) тұрады. Барлық ойындарды киелі Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отыр. Турнирдің жартылай финал кезеңінің жеребе тарту рәсімі 15 ақпанда елорда уақытымен сағат 14:00-де өтеді және де тікелей эфирде көрсетіледі. 

Ақпараттық көмекті Суперкубоктың басты демеушісі “OLIMPBET” компаниясының серіктесі “Sports.ru Казахстан” порталы көрсетеді.

Қазақстан Суперкубогы — 2008 жылдан бері жеңімпаздар арасында қолма-қол өтіп, өзінің бастапқы қалпында сақталған жалғыз жүлде. Әр түрлі уақытта бұл жүлдеге Самат Смақов, Андрей Финонченко, Андрей Аршавин, Жерар Гоу, Марин Томасов және де басқада танымал ойыншылар қол жеткізді.  

“OLIMPBET” компаниясы сенімді серіктес бола тұра, Қазақстанның әлеуметтік жобаларын жан-жақты қолдайды. “OLIMPBET” еліміздегі ең сүйікті және кеңінен таралған спорт түрін қолдай келе, 2020 жылдан бастап футболдан Қазақстан Чемпионатының және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ресми түрде басты серіктесі атанды.