KZ
KZ RU
15 ақпан 2021 14:59

OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының жеребе тарту рәсімі өтті

15 ақпан 2021 14:59

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасының Суперкубогының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту нәтижесі бойынша OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының жартылай финал ойындарының келесі жұптары белгілі болды:

2 наурыз. «Шахтер» - «Астана»

3 наурыз. «Тобыл» - «Қайрат»

OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының үшінші орын үшін ойыны 5 наурызда өтсе, турнирдің финалдық кездесуі 6 наурызға жоспарланған. Барлық ойындар Түркістан қаласында өтеді.