KZ
KZ RU
14 ақпан 2021 22:39

OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының жеребе тарту рәсімінің тікелей эфирі

14 ақпан 2021 22:39
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасының Суперкубогының жеребе тарту рәсімінің тікелей эфирін назарларыңызға ұсынады.
 
Аталмыш жарысқа өткен маусымның жеңімпазы («Қайрат»), Чемпионатта жүлделі орындарға ие болған клубтар («Тобыл», «Астана») және жарысты 4 орында («Шахтер») аяқтаған команда қатысады.  
 
OLIMPBET-Суперкубогы екі жартылай финал ойындарынан (2, 3 наурыз), үшінші орын үшін ойыннан (5 наурыз) және финалдан (6 наурыз) тұрады. Барлық кездесулер Түркістан қаласында өтеді.  
 
Жеребе тарту рәсімінің тікелей эфирі ертең елорда уақытымен 14:00-де өтеді.