KZ
KZ RU
21 қазан 2022 10:27

OLIMPBET-Чемпионат пен Бірінші Лиганың кезекті ойындары бір минут үнсіздіктен басталады

21 қазан 2022 10:27

Отандық футболдың құрметті ардагері Сұлтан Әбенов 71-жасында өмерден озды.

Қызылорда футбол мектебінің түлегі 17-жасында шеберлер командасында дебют жасап, «Автомобилист» клубының сапында ерекше ойынымен көзге түсті. Қызылордалық клубтың сапында Әбенов КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар Сұлтан Мұрашұлы «Қайрат» футбол клубының сапында ойнады.

Марқұмды еске алу үшін Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XXIV турының барлық ойындары, сонымен қатар Бірінші Лига Біріншілігінің XXIV турының кездесулері бір минут үнсіздіктен басталады.