KZ
KZ RU
08 желтоқсан 2020 12:07

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қараша айының үздік голы таңдалды

08 желтоқсан 2020 12:07

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қараша айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 5 гол ұсынылды. Шараға барлығы 1 691 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша ең үздік гол болып OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Ордабасы» – «Қайсар» (19-тур) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің тамаша голы атанды. Қызылордалық команданың ойыншысының голына 681 (40,27 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, Тағыберген бұл номинацияда екінші рет жеңімпаз атанып отыр. Асхаттың OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 7-турында «Тобыл» қақпасына соғылған голы тамыз айының ең үздік голы атанды.