KZ
KZ RU
06 желтоқсан 2020 16:56

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қараша айының үздік ойыншысы анықталды

06 желтоқсан 2020 16:56

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қараша айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысын анықтады.

Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Қыркүйек айының үздігі болып қарағандылық «Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Арсен Хубулов атанды. Ол 19 ұпай жинады.

Өткен айда Хубулов 6 ойынға қатысып, 6 гол соқты және 2 ассист жасады.