KZ
KZ RU
22 қараша 2020 10:48

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қазан айының үздік голы таңдалды

22 қараша 2020 10:48

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қазан айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Шараға барлығы 1 332 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша үздік гол болып OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Жетісу» – «Қайсар» (15-тур) кездесуінде соғылған Элвин Фортестің тамаша соққысы атанды. Қызылордалық команданың ойыншысының голына 494 (37,07 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.