KZ
KZ RU
07 маусым 2021 17:46

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының мамыр айының үздік голы таңдалды

07 маусым 2021 17:46

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының мамыр айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1309 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайрат» – «Ақтөбе» (12-тур) кездесуінде соғылған Эрвейн Мукамның нәтижелі соққысы атанды. Ақтөбелік ойыншының голына 921 (70,39 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.