KZ
KZ RU
11 сәуір 2021 17:12

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айындағы үздік ойыншысы анақталды

11 сәуір 2021 17:12
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік ойыншысын анықтады.
 
Жаңа маусымнан бастап үздік ойыншыны анықтауға арналған сауалнамаға бас бапкерлерден бөлек команда капитандары қатысады.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Наурыз айының үздігі болып алматылық «Қайрат» командасының легионері Вагнер Лав атанды. Бразилиялық ойыншы 32 ұпай жинады.

 Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 4-тур «Қайрат»-«Тұран» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.