KZ
KZ RU
01 сәуір 2021 15:33

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын Q SPORT EXTRA телеарнасынан қараңыздар

01 сәуір 2021 15:33

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Q SPORT EXTRA спорттық телеарнасымен келісім-шартқа отырғаны туралы хабарлайды.  

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарының бір бөлігін жаңа телеарнаның тікелей эфирінде көре аласыздар. Q SPORT EXTRA телеарнасын қазіргі таңда Alma TV (2021 жылдың 2 сәуірінен бастап, соның ішінде almatvbox.kz сайтында ОТТ-сервисінде), TV Com (tv-com.kz сайтында ОТТ-сервисінде), Galam TV (galamtv.kz қазтелерадиосының ОТТ тегін сервисінде), Bee TV (Beeline цифрлық телеарнасында), Tele2 TV және Altel TV (Tele2 және Altel мобильдік операторының ОТТ-сервисінде) жерсеріктік пакетінде көруге болады.

- Қазақстандық футболдың жаңа спорт телеарнасында көрсетілуі — ҚКФЛ және барлық отандық футбол сүйер қауым үшін жақсы жаңалық. Чемпионаттың бас демеушісі OLIMPBET компаниясының қолдауымен біздер Q SPORT EXTRA телеарнасымен бірге цифрлық құрылғыларда отандық футболдың көлемін арттырамыз. Себебі ОТТ қолайлы сервисінде Чемпионаттың көп көлемде көрсетілуі жанкүйерлерге ойындардың тікелей эфирлерін үлкен экранда және әр түрлі смарт-құрылғыларда көруге мүмкіндік береді, - деді Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Техникалық директоры Олег Кунгуров.   

Q SPORT EXTRA телеарнасының директоры Сәрсембаев А.Б. ҚКФЛ-мен жасалған келісім-шарттың маңыздылығын атап өтті:

- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы — жанкүйерлерге қызықты телевизиялық өнімді өзбетімен жасайтын еліміздегі азғана спорттық мекемелердің бірі. Біздер Лигамен келісім-шартқа қол жеткізіп,  OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын өзіміздің жаңа арнамызда көрсетуге қуаныштымыз.

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының кезекті турындағы «Каспий» - «Жетісу», «Тұран» -«Қайсар», «Қызыл-Жар СК» - «Шахтер» и «Ордабасы» - «Ақжайық» ойындары Q SPORT EXTRA телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.