KZ
KZ RU
06 мамыр 2021 19:02

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының сәуір айының үздік голы таңдалды

06 мамыр 2021 19:02

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының сәуір айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1360 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Ақтөбе» – «Ордабасы» (4-тур) кездесуінде соғылған Игорь Сергеевтің нәтижелі соққысы атанды. Ақтөбелік шабуылшының голына 784 (57,65 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.