KZ
KZ RU
09 қыркүйек 2020 14:40

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голы таңдалды

09 қыркүйек 2020 14:40

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама өткізді.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында ұйымдастырылды. Аталмыш шараға барлығы 1 183 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орынды OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің голы атанды. Қызылордалық команданың жартылай қорғаушысының тамаша соққысы 808 (68, 3 %) сауалнамаға қатысушының көңілінен шықты.