KZ
KZ RU
13 қыркүйек 2020 13:05

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік ойыншысы марапатталды

13 қыркүйек 2020 13:05

8-турдың «Қайрат» және «Қайсар» командалары арасындағы кездесудің алдында OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік ойыншысының марапаттау рәсімі өтті.  

Командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен өткен сауалнама қорытындысы бойынша «OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік ойыншысы» номинациясын «Қайрат» командасының бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав жеңді. Ол 14 ұпай жинады.

Естелік жүлдені Вагнер Лавқа Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев табыстады.

Тамыз айында Вагнер Лав OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үш ойынына қатысып, 2 гол соқты және 2 ассист жасады. Сонымен қатар тәжірибелі шабуылшы алматылық клубтың УЕФА Еуропа Лигасының аясында өткен алғашқы кездесуінде дубль авторы атанды.