KZ
KZ RU
19 қазан 2020 12:29

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қыркүйек айының үздік ойыншысы марапатталды

19 қазан 2020 12:29

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қыркүйек айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысын таңдады.

Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Қыркүйек айының ең үздік ойыншысы болып шымкенттік «Ордабасы» командасының легионері Жоао Пауло атанды. Ол 27 ұпай жинады.

Естелік жүлдені бразилиялық ойыншыға Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев табыстады.