KZ
KZ RU
17 наурыз 2022 21:18

OLIMPBET- Кубогының алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылды

17 наурыз 2022 21:18

18 наурызда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде 2022 жылғы маусымның Қазақстан Республикасы OLIMPBET-Кубогының бастапқы кезеңінің алғашқы екі раундының жеребесі тартылады.

Алғашқы кезеңде Бірінші және Екінші лигалардың 16 командасы сынға түседі: «Қыран» (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Оңтүстік академиясы» (Шымкент), «Байқоңыр» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда), «Игілік»(Қаратау), «Яссы» (Түркістан), «Байқоңыр» (Қызылорда), «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан), «SD Family» (Нұр-Сұлтан), «Алтай» (ШҚО), «Жас Қыран» (Алматы), «Жас Сұңқар» (Нұр-Сұлтан), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Арыс» (Арыс) және«Aqtobe City» (Ақтөбе).

ҚР OLIMPBET-Кубогы бастапқы кезеңінің алғашқы екі раундының жеребесінің тікелей көрсетілімі елорда уақытмен сағат 15:00 ҚКФЛ ресми сайтында басталады.