KZ
KZ RU
24 шілде 2018 23:24

Олжас Абраев: Барша жанкүйерлерді «Астананың» керемет жеңісімен құттықтаймын!

24 шілде 2018 23:24

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде даниялық «Митьюлланд» клубынан басым түскен елордалық «Астананың» жеңісімен құттықтады.

- Бүгін керемет ойын болды. Қарсыластың ойынын да атап өткен жөн. Олар біздің чемпионға қарсы қорғаныста үйлесімді ойын көрсетті. «Астана» кез келген қиындыққа дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жаттықтырушылар штабының ойынның әр жағдайына байланысты ойынды өзгерте алатын күші бар екенін байқадық.

Ең бастысы трибунаға жиналған жанкүйерлер соңғы сәтке дейін командаға сене білді. Астана мен оның жанкүйерлері бүгін жеңіске лайық болды. Елордалық ұжым кезекті рет барша Қазақстанға спорт мерекесін сыйға тартты. 
 
Бүгінгі ойында футболшыларға ерекше қолдау көрсеткен жанкүйерлердің орны бөлек. Жанкүйерлер қолдауымен үлкен мақсаттарға жетуге болады. 
 
Футбол жанашырларын тарихқа еніп үлгерген «Астананың» керемет жеңісімен құттықтаймын! Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы қарымта ойында «Астанаға» сәттілік тілейді! Еурокубок жолында жеңіске толы шеру жалғасатынына сенім мол. 
 
Халықаралық жарыстардағы бәсекені бір күннен соң «Қайрат» пен «Тобыл» командалары жалғастырады. Алдағы бейсенбі күні барша халық біздің командаларға қолдау көрсетеді деп үміттенемін. Бәріміз бірге міндетті түрде жеңіске жетеміз!