Олжас Абраев: Біздер «Түркістан Арена» стадионында орын алған жағдайға қатысты жауапкершіліктен бас тартпаймыз
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының бірінші турының «Тұран»-«Астана» ойынында орын алған жағдайдың хронологиясы туралы айтып берді.
- Аталмыш ойын отандық футболдың беделін түсірді. Орын алған жағдай үшін футбол мамандары мен футбол сүйер қауымның алдында кешірім сұраймын. Бір апта бұрын OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының ойындары сапалы ойыны мен тартысты бәсекемен жанкүйерлерді қуантса, бүгінгі күні «Түркістан Арена» барлығымызды қынжылтты.
Кеше «Астана» футбол клубының басшылығы БАҚ-да ойынды ауыстыру туралы өтініш жасағаны туралы ақпартты таратты. Мен клуб өкілдерімен телефон арқылы келіссөздер жүргізілгенін растаймын. Бұл әңгімелер барысында ойынды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім төрешілер бригадасы мен команда өкілдерінің кездесуімен өтетін ортақ жиында қабылдануы керектігін айтып өттім. Алаңды тексеру барысында қос команда тарапынан ойынды басқа мерзімге ауыстыру туралы пікір айтылмады. «Астана» футбол клубы тарапынан Лиганы кінәлау біз үшін түсініксіз жағдай, себебі аталмыш арнайы жиында клуб өкілдері ойынды өткізуге келісім берді.
Сондықтан-да мен әріптестарді жұртшылықты әдейі адастырмай, бұқаралық ақпарат құралдарына дұрыс ақпарат беруді және айтылған пікірге қатысты жауапкершіліктен бас тартпауды сұраймын. Бірақ біздер «Түркістан Арена» стадионында орын алған жағдайға қатысты жауапкершіліктен бас тартпаймыз.
13 наурыздың таңынан бастап біздер Түркістан қаласында орын алған ауа райының жағдайы туралы хабардар болдық. Орын алған жағдайды талқылау үшін ойынның инспекторы мен төрешілер бригадасы қос команданың пікірін тыңдауды жоспарлап отырды. Бірақ ойыналды жиналысына «Астана» футбол клубының атынан тек қана медиа-офицер қатысты. Жиналыста Регламент талаптарына сай төрешілерге ешқандай ұсыныс түспеді.
Ойынның алдында ҚКФЛ Әкімшілігі стадиондағы жағдайды бақылап отырды, біздер ҚКФЛ-ТВ түсіру тобының камераларынан LIVE режимінде видеодан газонды ойынға дайындау барысы туралы ақпаратты алып отырдық. Ойынға дейін біздер «Астана» және «Тұран» футбол клубтарының атынан ойынды басқа мерзімге ауыстыру процедурасын бастау үшін бірде-бір хат алмадық. Бұл стандартты процедура. «Астана» футбол клубы бұрын бұл ережеге сүйеніп, ҚКФЛ Әкімшілігіне бірнеше рет хат жолдаған. Мысалы, еурокубок ойындарына байланысты Чемпионат ойындарын басқа мерзімге ауыстыруды сұрады. Барлық клубтар Лигаға қай кездеде хат жолдай алады, біздер әрдайым жауап беруге дайынбыз.
Кездесудің басталуына бір жарым сағат қалғанда инспектор мен төрешілер алаңдағы шалшықты көрді. Бұл жағдайды талқылау және алаңның сапасын тексеру үшін қос команданың ресми өкілдері шақырылды. «Астана» футбол клубының атынан жиынға спорттық директор қатысты. Ол орын алған жағдайда стадион алаңында футбол ойнауға болады және ол үшін минималды жағдай бар екендігі туралы пікір білдірді.