KZ
KZ RU
11 шілде 2018 15:35

Олжас Абраев: «Еурокубок маусымы елді біріктіреді!»

11 шілде 2018 15:35

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев еурокубок маусымына қатысатын отандық командаларға табыс тіледі.

 
- Ең алдымен отандық футбол жанкүйерлерін көптен күткен еурокубок маусымының басталуымен құттықтаймын!
 
Жаңа маусым өте сәтті басталды. УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы айналымының бірінші ойынында қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда грузиялық «Самтредиа» клубынан басым түсті. Еурокубоктағы әр жеңіс футбол жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлайды. «Астана», «Қайрат» және «Ертіс» клубтары да алғашқы ойындарында нәтижеге көңіл бөледі деп санаймын.
 
Жеребе қорытындысы бойынша біздің командаларға мықты әрі қауіпті қарсыластар түсті. Сол себепті жарысты әрі қарай жалғастыру үшін әр сәтте толықтай күрес жүргізу қажет.
 
Еуропа аренасында отандастырымызды қолдау қажет. Еурокубок маусымы елімізді біріктіреді. Футбол қоғамын бір ұжымға топтастырады. Сол себепті жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырамын.
 
Еурокубок қатысушыларына өз күшіне деген сенімділк, жарқын жеңістер мен мол табыс тілеймін!