KZ
KZ RU
14 ақпан 2022 10:52

Олжас Абраев: «Легионерлер құрамасының ойыншыларына жолдастық ойынға қатысқандары үшін алғыс айтамын»

14 ақпан 2022 10:52

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті еліміздің ұлттық құрамасымен дайындығы және OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының легионерлер құрамасын жасақтау ерекшеліктері туралы айтып берді.

- Олжас Шәкенұлы, тарихта бірінші рет емес, бірақ өте сирек өтетін ерекше ойын аяқталды – ұлттық құрама Қазақстан чемпионатының шетелдік ойыншыларына қарсы ойнады. Легионерлер алаңға кеудесінде ҚКФЛ логотипімен шықты, осы ойынның ұйымдастырылуы туралы толығырақ айтып беріңіз.

- Иә, ойын, әрине, стандартты емес. ФИФА ресми күнінде сіз басқа құрамалармен бақылау кездесулерін ұйымдастыра аласыз, бірақ бұл ойын ФИФА күнінен тыс өткізілді. Қазақстан футбол федерациясы құрама командаларының департаменті жаттықтырушылар штабына құраманың резервін қарап шығуға және бірқатар ойыншылардың ағымдағы жағдайын бағалау үшін осындай кездесуді ұйымдастыруға өтініш білдірді.

- ҚКФЛ құрамасы қандай принцип бойынша құрылды, ойыншыларды шақыру үшін клубтармен келісу қаншалықты қиын болды?
- Отандық клубтар жағдайға түсіністікпен қарап, екі күн бойы маусымға дайындық барысында бақылау ойындарына қатыспаған ойыншыларды құрамаға жіберді. Клубтардың дайындық кестесі елдегі төтенше жағдайға байланысты өзгерді. Қазір барлық командалар бір аптада екі, тіпті бірден үш жолдастық ойындар өткізуде. Бұл жағдайда біз клубтармен физикалық жағдайы бойынша қосымша жүктеме алуға дайын ойыншыларды қамтамасыз ету үшін талқыладық. Легионерлер құрамасы көптеген жанкүйерлер көргісі келетін құрамда жиналған жоқ, бұған себепші болған клубтардағы қазіргі жаттығу процесі.
 
- Легионерлер құрамасының болашағы зор қазақстандық мамандардың бірі Андрей Карпович басқарды, ол «Қызыл-Жар СК» бапкері болып табылады. Ол ұлттық құрамада да, клубта да жұмысын үйлестіре алды ма?
- Андрей Владимирович — жоғары санатты маман. Біз «Қызыл-Жар СК» басшылығына Карповичке құрама жаттықтырушысы рөлінде өзін сынап көруге рұқсат беріп қана қоймай, ҚКФЛ командасына қажетті қызметкерлермен қамтамасыз етіп көмектескені үшін алғыс білдіреміз. Белсенді жұмысты бастаған лиганың жаңадан құрылған техникалық комитетінің мүшелеріне үлкен рахмет. Комитет мүшелері Андрей Карпович пен Ұлықбек Асанбаев қатысуымен өткен бұл ойын ҚФФ құрама командалары департаментінің алдына қойылған еліміздің бас командасына қатысты жергілікті міндеттерді орындауға көмектесті.
 
- Болашақта мұндай ойынның қайтадан өтуінің ықтималдығы қандай?
- Ашығын айтқанда, мұндай кездесу — басқа құрамалармен толыққанды жолдастық кездесу ұйымдастыруға мүмкіндік болмаған кезде қиын жағдайдан шығу жолы. Лига федерацияның Молдовамен маңызды ойын қарсаңында кездесу өткізу туралы өтінішіне жауап берді. Ойынға қатысқан барлық ойыншыларға алғыс айтқым келеді. Жергілікті ұйымдастырушыларға, ойынды өткізуге қатысқан қызметкерлерге рахмет айтамын. Бірақ, аталмыш тәжірибе ережелерден тыс өткендігі анық, яғни болашақта мұндай ойындардың жиі өту ықтималдығы аз.