KZ
KZ RU
23 қаңтар 2012 14:31

Олжас Абраев Ұлттық футбол лигасының директоры болып тағайындалды

23 қаңтар 2012 14:31

Бұған дейін ҰФЛ директоры қызметін атқарып келген Қаныш Әубәкіров, басқа қызметке ауысуына байланысты, Қазақстан футбол федерациясының қоғамдық бастамаларындағы 1-ші вице-президенті болып қала бермек.


Өмір-дерек.


Олжас Абраев

Туған жылы: 22/12/1984 (27 жас)


Қызметтік тәжірибесі:

2001-2004 жылдар. Алматы қаласы футбол федерациясының жауапты хатшысы
2002-2004 жылдар. Алматы қ. Футбол федерациясы атқару комитетінің мүшесі
2003-2004 жылдар. Алматы қаласы Футбол федерациясының Төрешілер комитеті төрағасының орынбасары
2003-2005 жылдар. Алматы қ. Футбол федерациясы Тәртіпті бақылау комитетінің мүшесі
2002 жыл. Бірінші дәрежелі футбол төрешісі
2004-2008 жылдар. Қазақстан футбол федерациясы Футзал департаментінің менеджері
2004-2007 жылдар. Футзалдан Қазақстанның ұлттық және жастар құрамаларының менеджері

2004 жыл. Футболдан Қазақстан Республикасының Ұлттық дәрежедегі төрешісі
2005 жыл. Футзалдан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Ұлттық дәрежедегі төрешісі
2008-2009 жылдар. Қазақстан футбол федерациясы Футзал департаментінің директоры
2009 жыл. Қазақстандағы TMS FIFA жобасының координаторы
2010 жыл.Футзалдан ФИФА төрешісі
2011-2012 жылдар. Ұлттық футбол лигасы директорының орынбасары
2011 жыл. Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің мүшесі
2011 жыл. УЕФА-ның Футзал және жағажай футболы комитенінің мүшесі
2012 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық футбол лигасының (ҰФЛ) директоры

Жоғары білімді. Отбасын құрмаған.