Олжас Абраев: «Сайлау науқанын бастамас бұрын Лига мүшелерімен ақылдасуым керек»
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына ұсынылуына қатысты пікірін білдірді:
- Құрметті әріптестер, достар, футбол жанкүйерлері! Маған Қазақстан футбол федерациясының басшысы лауазымына ұсынуына байланысты көптеген қоңыраулар мен хабарламалар келіп түсуде. Осы жаңалыққа үн қатып, менің және командамның бүкіл отандық футболға пайдасын тигізіп, оң өзгерістерге алып келеді деп есептейтін әрбір адамға ризашылығымды білдіремін.
Туындаған ұсыныс туралы айтып кету маңызды деп санаймын. Ақтөбе облыстық футбол федерациясына мені үміткер ретінде ұсынғаны үшін шын жүректен рақмет айтамын. Ақтөбе қаласын отандық футболды дамыту жолында бірден-бір қозғаушы күш деп санаймын. Бұл қаланың тұрғындары өз клубы үшін ғана емес, шын жүректен бүкіл қазақстандық футбол үшын жаны ашитын адамдар. Олардың өмірінде футболдың маңызы жоғары. Сол себепті сайлауға Ақтөбе облысының атынан қатысу мен үшін үлкен құрмет.
Өздеріңіз білетіндей, жақында ғана Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының басшысын сайлау іс-шарасы өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық футбол клубтары менің өкілеттілігімді 2 жылға ұзартты. Мен клубтарға қазақстандық футболға ақша салуға дайын халықаралық инвесторлар алдындағы міндеттемелерге байланысты өте маңызды коммерциялық бөлікті қамтитын даму бағдарламасын іске асыруға уәде бердім.
Мен үшін шыншылдық пен өмірлік ұстанымдарға берік болі адамдармен қарым-қатынас жасауда әрқашан негізгі көрсеткіш болып табылады. Сондықтан, науқанды бастамас бұрын, маған және біздің мамандар тобына алдағы жылдары кәсіби футболды дамытуды сеніп тапсырған лига мүшелерімен осы мәселелерді талқылауды дұрыс деп шештім.