KZ
KZ RU
13 мамыр 2021 10:18

Ораза айт құтты болсын!

13 мамыр 2021 10:18

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтайды.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай.

Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Еліміз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!