KZ
KZ RU
22 ақпан 2024 00:56

«Ордабасы» 60 млн теңгенің иегері: Белектегі маусым алдындағы турнир қалай аяқталды?

22 ақпан 2024 00:56

Соңғы 5 күнде Түркияның Белек қаласында сапалы отандық футболға толы болды. «Титаник Делюкс» стадионында маусым алдындағы «1XBET Winter Cup» турнирі сәтті аяқталды. Финалда «Ордабасы» ФК  «Тобыл» ФК-мен негізгі уақытта 0:0 есебімен тең түсті. Ал тартысқа толы пенальти сериясында 7:6 есебімен шымкенттік команда басым түсті. Осылайша Александр Седнёвтің шәкірттеріне 60 миллион теңге табысталса, қостанайлық клуб 40 миллион теңге алды. 

 

Турнир тек қомақты жүлде қорымен ғана емес, 14 гол соғылуымен, ойыннан кейінгі екі пенальти сериясымен, футболшылардың беріспеуімен және YouTube-те 115 мыңға жуық қаралым жинауымен есте қалды. Қолайлы ауа-райы, жақсы стадион және сапалы тікелей эфир отандық футбол тарихындағы алғашқы маусым алдындағы турнирдің сәттілігінің кепілі болды. ҚКФЛ президенті Рафаэль Гарибян атап өткендей, жарыстарды өткізу лигадағы ауқымды өзгерістердің бастамасы болып табылады. 

 

«Біздің мақсат - Қазақстан Премьер-лигасын коммерцияландыру үшін демеушілерді тарту. Лиганың серіктестерімен бірлескен жұмыс елдегі футболдың дамуына оң әсер тигізетіне сенімдіміз. Турнирді өткізу біз үшін үлкен тәжірибе және отандық клубтардың футболында ауқымды жобаларды іске асырудың бастамасы болды. Біз командалардың ойын тәжірибесін шыңдауына және ұлттық құраманың футболшыларының қалыпқа келуіне көмектестік. Өткен ойындарға деген қызығушылық жоғары болды және мен жанкүйерлердің жаңа маусым қарсаңында үлкен футболдан ләззат алғанына қуаныштымын. Сонымен қатар, лиганың «1XBET» букмекерлік компаниясы сынды үлкен серіктесі пайда болды. Клубтарға сапалы футбол үшін, ал жанкүйерлерге жақсы қолдау көрсеткеніне алғыс айтамын», - деді Рафаэль Гарибян. 

 

Қазақстан әлемдегі ең мықты футбол лигаларының тәжірибесін қабылдап жатыр. Еуропада коммерциялық турнирлер өткізу кең таралған тәжірибе болып табылады. Клубтардың бірқатар ойыншылары турнирді ұйымдастырғаны үшін ҚКФЛ-ға алғыстарын білдіріп, мұндай турнирлер алдағы футбол маусымына сапалы дайындыққа оң әсер еткенін атап өтті. Айта кетейік, турнирде үшінші орынды былтырғы ел чемпионатының қола жүлдегері «Ақтөбе» ФК иеленді. Олар «Елімай» ФК-мен 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:2 есебімен басым болды. 

 

«Еліміздің ең мықты командалары жиналған жаңа маусым алдындағы ойындардың демеушісі болу біз үшін үлкен мәртебе болды. Бұл біз үшін де, ҚКФЛ үшін де жаңа тәжірибе. «1XBET Winter Cup» турнирі жыл сайынғы дәстүрге айналады деп сенеміз, онда біз чемпиондардың ойынын көреміз», - деді «1XBET» компаниясының маркетинг жөніндегі директорының орынбасары Санжар Тоқтасын. 

 

Жерорта теңізінің жағасындағы үлкен футбол осы демалыс күндері қайта жалғасады. «1XBET Winter Cup» турнирінің финалистері Қазақстан Суперкубогы үшін таласады. Ойын 25 ақпан күні Анталияда өтеді.