KZ
KZ RU
11 шілде 2019 22:11

«Ордабасы» еуромаусымды жеңіспен бастады

11 шілде 2019 22:11

Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу турнирі аясында Грузияның «Торпедо Кутаиси» командасын қабылдап, жеңіске жетті. 

 
Кездесудің 67-минутында бұрыштама добынан көтерілген пасты қорғаушы Темірлан Ерланов голға айналдырды. Ойын соңына дейін есеп өзгермей, «Ордабасы» жеңіс тойын тойлады -  1:0.
 
УЕФА Еуропа Лигасы 2019/20, 1 іріктеу кезең, 1 матч 
Ордабасы (Шымкент, Қазақстан) – Торпедо (Кутаиси, Грузия) 1:0
Гол: Ерланов 67
Ордабасы: Непогодов, Досмағамбетов, Малый, Фонтанелло (к), Ерланов, Төлебек (Бадибанга 55), Махлангу, Диакате, Механович (Щеткин 67), Жоао, Жаңғылышбай (Быстров 73)
11 шілде. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион.