KZ
KZ RU
06 наурыз 2012 23:56
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

"Ордабасы" — Суперкубок иегері

06 наурыз 2012 23:56

Төрт айдың ішінде екінші кубогіне қол жеткізген "Ордабасы" өздерінің жеңісті жолдарын жалғастырды. Матч тағдырын команда капитаны Қайрат Әшірбеков шешшті.
«Шахтер» шабуылшылары белсенділігімен көзге түсе алмады. Нәтижесінде, шымкенттіктердің қақпасының маңында 90 минутта тек 2-3-ақ қауіпті сәт туды. Ал "Ордабасының" шабуылдары әлдеқайда қауіптірек еді, әсіресе қарымта шабуылдары керемет ұйымдастырылып жатты. Бұл шабуылдардың сонар басында Қайрат Әшірбеков тұрды. Сондай-ақ, Тәжімбетов пен Арури де белсенділік танытты. Қарағандылықтардың басты "қаруы" — айып доптары екенін ескерген шымкенттіктер өз алаңдарында ойын ережесін мүлдем бұзбауға тырысты. 
Матчтан кейін футболшыларға медальдарды ҚФФ вице-президенті Сейілда Байшақов табыстаса, "Ордабасы" капитаны Қайрат Әшірбеков суперкубокті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан алды.


Шахтер - Ордабасы 0:1 (0:0)
Гол:
Әшірбеков, 58.
Ескертулер: Парываев, 54. Василевич, 60. Каньяс, 84 — Арури, 53. Трайкович, 86.
«Шахтер»: Мокин, Киров, Василевич, Джидич, Парываев, Вичюс, Көкеев, Боровский (Лунин 64), Байжанов (Каньяс 69), Хижниченко (Досманбетов 81), Финонченко
«Ордабасы»: Бекбаев, Б. Қожабаев, Мвесигва, Ырысметов, Трайкович, Арури, Карпович, Әшірбеков, Касьянов, Пахолюк (Гуйе 81), Тәжімбетов (Бейсенов 90).
Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Өскемен), Андрей Попов, Рустам Сүйінов (екеуі де - Павлодар)
6 наурыз. Астана. "Астана Арена". 12 000 көрермен

 

 

Станислав Филипповтің суреттері