KZ
KZ RU
30 қаңтар 2012 16:05

«Ордабасы» "Теректен" жеңілді

30 қаңтар 2012 16:05

Жалғыз голды матчтың соңында ресейлік Заур Садаев соқты.

«Терек» (Ресей) — «Ордабасы» 1:0 (0:0)
Гол: Садаев 90
Ескертулер: Садаев 89 — Касьянов 8, Арури 76.
«Терек»: Джанаев, Ятченко, Феррейра (Полчак 60), Уциев, Йиранек, Георгиев, Эссаме, Власов (Лежар 55), Лебеденко (Мурихин 74), Павленко (Садаев 46), Мгуни (Маурисио 68).
«Ордабасы»: Бекбаев, Ырысметов, Трайкович, Мвесигва, Арури, Карпович, Касьянов, Юрош (Перрейра 46; Габриэль 62), Тәжімбетов (Обикечуку 46), Әшірбеков (Сүйімбаев, 65), Гарсиа (Пахолюк 46).
Анталия, «Мардан» спорт кешені.

 

Ахмат-қажы Қадыровты еске түсіруге арналған турнирдің алғашқы ойынындағы жеңілістен кейін "Ордабасы" клубының бас бапкері Виктор Пасулько кездесуден алған әсерімен ьөлісті.

«Меніңше, "Терекке" лайықты қарсылық көрсете білген секілдіміз. Тепе-теңдікті ұстап тұра алмай, соңғы минутта қателік жіберіп қойғанымыз, өкінішті. Біз үшін бұл Кубоктік дода жоғары деңгейлі командалармен күн сынасуымызға керемет мүмкіндік. УЕФА-ның аясында өтетін ресми турнир екені де белгілі. Бұл жағдай  футболшыларымыздың турнирге жауаптырақ қарауына әсер етті.Оның үстіне, мұндай додада әрқайсысы өзінің мықтылығын көрсеткісі келеді.

Қадыров атындағы турнирге қатысуымыз болашақта үлкен көмек тигізуі тиіс. Биыл біз бірінші рет еурододаға, нақтырақ айтсақ, Еуропа лигасына қатысады. Сондықтан, жоғары деңгейлі командалар өнер көрсеитетін кез келген халықаралық матч біз үшін аса маңызды.

Ойын кезінде өзіңізді эмоционалды түрде ұстадыңыз дейсіз бе? Ресми турнир болғандықтан бізге бұл матч қызық болды. Жоғары орындарға таласып, турнирді жалғастырғымыз келді. Өкінішке қарай, сәл ғана шыдай алмадық, —  Пасулько.

 

Sports.kz