KZ
KZ RU
15 желтоқсан 2017 23:23

Қош бол, Аңыз...

15 желтоқсан 2017 23:23

Бүгін Кеңес Одағының және қазақ футболының аты аңызға айналған ойыншысы Тимур Санжарұлы Сегізбаев өмірден озды. 

Қазақ жанкүйерлерінің арасында аты шыққан ойыншыны, миллиондардың кумирі болған Сегізбаевты танымайтын жан жоқ. Оның жарқын ойыны бәрінің көңілінен шыға білді, себебі ол шын жүректен ойнады, ал оның жойқын соққылары қақпашыларға тыным бермеді. Алаңда Тимур Санжарұлы өзінің көшбасшылық қасиеттерімен, жанкештілігімен, ал өмірде сыпайылығымен және қарапайымдылығымен көзге түскен.

Сегізбаев қазақ футболының дамуына бапкер және функционер ретінде көп үлес қосты. Өз білімін және күш-қуатын осы спорт түрін дамытуға жұмсады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Тимур Сегізбаевтың тума-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.  

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы