KZ
KZ RU
15 тамыз 2017 15:54

Қостанай қаласының Орталық стадионында ҚКФЛ аясындағы жарыстарды өткізуге рұқсат етілді

15 тамыз 2017 15:54

"Тобыл" футбол клубының ұсынысымен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының алаңдарды тексеру комиссиясы "Орталық" стадионның жаңартылған табиғи төсенішіне баға беру үшін Қостанайға барып қайтты.

Бұдан бұрын бұл стадионда жаңарту жұмыстары жүргізілген. Атап айтсақ, трибуналардың сиымдылығы ұлғайтылды, трибуна астындағы және әкімшілік бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді және де төсеніш ауыстырылып, автоматты суару жүйесі қондырылды.

ҚКФЛ комиссиясы алаңның сапасына қанағаттанарлық баға берді, бірақ төсеніш жақында ғана төселу себебінен, шөптің бейімделу уақытында қосымша күтім қажет және комиссия берген ұсынымдарды ұстану керек.

Комиссия тексеріс нәтижесіне жүгініп, "Тобыл" футбол клубына бұл алаңда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының аясында өтетін барлық жарыстарды өткізуге рұқсат етті.   

Бұл стадионды (трибуналарды, трибуна астындағы бөлмелерді) пайдалануға рұқсат беру шешімін Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау және аттестациялау Департаменті қабылдайды.