KZ
KZ RU
11 ақпан 2019 21:33

Қостанайда жаңа манеж Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелеріне таныстырылды

11 ақпан 2019 21:33
Қостанайда Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кезекті жалпы жиыны аяқталды. 
 
Басқосу аяқталған соң Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысушыларды аймақтағы спорт нысандарымен таныстырды.
 
Делегация өткен жылы күрделі жөндеуден өткен Орталық стадион мен футбол клубының жанынан енді ашылған академияны аралады. Сонымен қатар, жаңа толық көлемді жабық манеж жиналғандардың назарына ұсынылды. 
 
Осы уақытқа дейін Қостанай облысындағы Арқалық пен Лисаковск қалаларында екі стадион жаңартылып, Затобольск елді мекеніндегі стадионның газоны ауыстырылды.  Сонымен қатар, Рудный қаласында заманауи спорт кешенін салу жоспарда бар. 
 
Шара соңында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен «Тобыл» командасы арасында жолдастық матч өтті. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов өзі алаңға шықты.  
 
- «Тобыл» футбол клубы мен жанкүйерлерін айтулы оқиғамен құттықтаймыз. Қостанайға сапардан тек жақсы әсер алдық. Облыс басшысы Архимед Бегежанұлы спорт инфрақұрылымын дамытуға, футболды кеңінен насихаттауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөледі. Оның қолдауымен «Tobyl Arena» манежі ашылды. Спорттық нысан елімізде Лига жарыстарын қабылдай алатын алғашқы манеж. Алдағы уақытта «Tobyl Arena» тартысты кездесулерді қабылдауға дайын», - деп атап өтті Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев.
 
Қостанайда манеждің ресми ашылуы Премьер-лиганың 1 туры аясында «Тобыл» мен «Ертіс» командалары арасындағы ойын күні өтеді.