10 тамыз 2020 01:38
Ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі аяқталды
10 тамыз 2020 01:38
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымда футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Біріншілігінің қатысушылары үшін ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі аяқталғанын хабарлайды.
Трансфер терезесі 20 шілдеде ашылып, 9 тамыз күні жабылды.
Командалардың трансферлік белсенділігі туралы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әлеуметтік желілерде жариялап отырды.
Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига командаларының құрамдарындағы және клуб қызметкерлерінің тізіміндегі барлық өзгерістерді біздің ресми сайттан қарауларыңызға болады.
Басқа жаңалықтар