20 шілде 2020 17:17
Ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі басталды
20 шілде 2020 17:17
Бүгін, 20 шілде күні, 2020 жылғы футбол маусымының екінші трансферлік тіркеу кезеңі басталды. Футбол клубтары Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жарыстарына қатысу үшін жаңа ойыншыларды тіркей алады.
ФИФА келісімімен аталған кезеңнің бір аптасы 2021 жылдың көктеміндегі трансферлік кезеңге ауыстырылады. Егер 2020 жылы жерлігікті жарыстарды аяқтауға мүмкіндік болмаса, бұл шешім өз күшіне енеді.
Сондықтан ФИФА шешімімен ойыншыларды жазғы тіркеу кезеңі 20 шілдеде басталып, 9 тамызда аяқталады, яғни, 21 күнге созылады.
Клубтар тіркеу құжаттарын уақытылы ұсынып жатырса, ҚКФЛ ресми сайтындағы отандық командалардың ойыншылар тізімінде өзгерістер жедел жасалады.
Басқа жаңалықтар