KZ
KZ RU
22 мамыр 2015 22:13

Павел Демян КФЛ төрағасының орынбасары болып тағайындалды

22 мамыр 2015 22:13

Бүгін Павел Демян Кәсіпқой футбол лигасы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл орын Бағлан Ергешев лига төрағасы болып сайланғаннан кейін бос болған еді. 

Павел Станиславович футболшы мансабында «Химик» (Степногорск), «Целинник», «Спартак» (Тамбов), «Болат» (Теміртау), «Жеңіс» (Астана) клубтарында ойнады. Ол 192 голдың авторы, ҚР спорт шебері атағына ие. 

Футтболшы мансабын аяқтағаннан кейін «Химик» (Степногорск), «Жеңіс», «Евразия» клубтарында жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап Кәсіпқой футбол лигасының жетекші маманы қызметін атқарды.