KZ
KZ RU
13 қаңтар 2014 16:37

Павел Евтеев — «Востоктың» бас бапкері

13 қаңтар 2014 16:37
    Өскемен футболының ең әйгілі түлектерінің бірі Павел Евтеев "Восток" футбол клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды "Востоктың" баспасөз қызметіне сүйенген Kaz.tengrinews.kz .

    Алдағы маусымда Павел Валерьевичке тағы бір шығыстық Сергей Салий көмектесетін болады. Қазір команда Өскемен қаласының "Восток" стадионында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 3 ақпанға дейін қалада болатын Павел Евтеев командасы жаттығу жиынын Шымкентте жалғастырып, оңтүстікте ақпанның 25-іне дейін болады. Ол жақта дәстүрлі "Үміткер" турниріне қатысуды жоспарлап отыр.

    Өскеменде аз-кем демалатын "Восток" наурыздың 4-і мен 25-і аралығында қайтадан Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді де, бұл жолы "Наурыз" турнирінде бақтарын сынайды.
 


fc-vostok.kz