KZ
KZ RU
24 қараша 2022 14:42

Педро Эуженио Сергей Квочкин атындағы сыйлықтың иегері атанды

24 қараша 2022 14:42

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен жылдан бері маусымның үздік шабуылшысына отандық футбол тарихындағы ең жарқын ойыншылардың бірі Сергей Прокопьевич Квочкиннің есімін берді.

Маусымның үздік шабуылшысын анықтау үшін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Чемпионатына қатысушы клубтардың бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Астана» командасының ойыншысы Педро Эуженио үздік шабуылшы атағын жеңіп алды. Елордалық команданың легионері барлық жарыстарда 24 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Өзінің шебер ойынымен ол командаға ел біріншілігінің жеңімпазы атануға көмектесті. Сонымен қатар, португалиялық ойыншы чемпионаттың үздік сұрмергені ретінде Евстафий Пехлеваниди атындағы сыйлықтың иегері атанды.

Сауалнамада екінші орынды «Қайраттың» шабуылшысы Жоао Пауло иеленді. Бразилиялық легионер ел чемпионатында 11 гол соғып, Кубок аясында 2 рет нәтижелі әрекетімен көзге түсті.

Үздіктер қатарына «Астана» клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Аймбетов ілікті. Осы маусымда қазақстандық ойыншы елордалық команда сапында 10 гол соқса, құрама сапында 4 рет қанжығасын майлады.

Былтыр Сергей Квочкин атындағы сыйлықтың иегері Артур Шушеначев атанды.

Кім кімге дауыс берді: