KZ
KZ RU
04 ақпан 2014 13:56

Перич «Мерсин» клубына ауысты

04 ақпан 2014 13:56

Сербия паспортынан бас тартқан Перичтің Қазақстан азаматы атанғанына бір жылдан асты. Бұл жағдай оның Түркия чемпионатына ауысуына жол ашты. Өйткені, Түркия чемпионатының регламентінде әрбір клуб түркітілдес елдерден екі футболшы алуға болады. Олар легионер болып саналмайды деген ереже бар.
 

Бір жыл Түркияның Супер лигасында ойнаған, бүгінде Бірінші дивизионда өнер көрсететін «Мерсин Идманюрду» клубы Иван Перичпен келісімшарт жасасты. 1925 жылы құрылған аталмыш команда Бірінші лигада 5-орында келеді. Мықтылар тобына өтуге мүмкіндіктері бар. Жалпы, бапкерлер алқасы 31 жастағы Иван Перичтің шеберлігіне тәнті болысып, командасына қуана қабылдады.
 

Иван Перич Қазақстанға алғаш рет 2005 жылы келді. Алдымен "Шахтерде" ойнады. Одан кейін Украинаның "Арсеналына" ауысып, 2007 жылы қайтадан "Шахтерге" оралды. Сосын «Ақтөбе», «Жетісу», «Ордабасы», «Қайсар» және «Тараз» командаларында өнер көрсетті. Соңғы маусымын Талдықорғанның "Жетісуында" өткізді.

Қайсар Ғабитов
sports.kz