Пірәлі Әлиев – «Астананың» осы маусымдағы ең пайдалы ойыншысы
Барлық футболшылардың әрекетін талдай келе, команданың ең пайдалы ойыншысы Пірәлі Әлиев екеніне көз жеткіздік. Ол алаңда болған кезде «Астана» командасы 37 гол салып, 19 гол жіберген. Сөйтіп, оның пайдалылық көрсеткіші +18-ге тең.
Екінші орынды шабуылшы Игорь Бугаев иеленді. Оның көрсеткіші +17 (47-30). Үшінші орынды Марат Шахметов (48-32) пен Драган Богавац (40-24) бөлісті, олардың пайлалылық деңгейі +16 шамасында. Үш ойыншы қатарынан +15 жинаған. Олар Ненад Эрич (51-36), Нұрбол Жұмасқалиев (51-36) және Таңат Нөсербаев (34-19).
«Астананың» ең пайдалы бестігінің көрсеткіші төмендегідей:
|
|
+/- |
1 |
Пірәлі Әлиев |
+18(37-19) |
2 |
Игорь Бугаев |
+17(47-30) |
3-4 |
Марат Шахметов |
+16(48-32) |
3-4 |
Драган Богавац |
+16(40-24) |
5-7 |
Ненад Эрич |
+15(51-36) |
5-7 |
Нұрбол Жұмасқалиев |
+15(51-36) |
5-7 |
Таңат Нөсербаев |
+15(34-19) |
Чемпионат, Қазақстан Кубогы және Суперкубок ойындары есепке алынған.
Марат Шахметов осымен екінші мәрте үздіктер бестігінің қатарынан табылды. Дегенмен, оның 2010 жылғы пайдалылық көрсеткіші +25 болса, биылғы жылы +16-ға төмендеген.
Өткен маусымдардағы осы көрсеткіш бойынша үздік үштіктер мыналар:
2009 - 1. Егор Титов (+34), 2. Андрей Карпович (+30), 3. Андрей Тихонов (+29)
2010 - 1. Марат Шахметов (+25), 2. Роман Пахолюк (+23), 3-4 Валерий Андроник, Михаил Рожков (+19)
Бір маусым бойынша ең көп ұпай жинаған Егор Титовтан әзірге ешкім оза алмай тұр. Ол 2009 +34 ұпай жинаған.
Бір маусымның үздік көрсеткіштері төмендегідей:
1. Егор Титов 2009 +34
2. Андрей Карпович 2009 +30
3. Андрей Тихонов 2009 +29
4. Марат Шахметов 2010 +25
5. Жамбыл Көкеев 2009 +24