KZ
KZ RU
04 маусым 2018 13:34

Пиззели голы – Премьер-лиганың он үшінші турының үздігі

04 маусым 2018 13:34
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он үшінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
   
Дәстүрлі сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында өтіп, жанкүйерлер назарына 12 гол ұсынылды. 
 
Өткен турда жанкүйерлердің көзқарасы бойынша «Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззеллидің голы үздік деп танылды. «Қайратпен» өткен ойында ол екі гол соқты. Жанкүйерлердің көбі оның бірінші голына дауыс берді. Пиззелидің айып соққысынан бағыттаған добын қақпаның бұрышына топ ете түсті. Ол дауыс берушілердің 49 пайызын жинады.  
 
Үздік үштікке кірген голдар:
1. Маркос Пиззеллидің бірінші голы (Қайрат – Ақтөбе) – 49% дауыс;
2. Уго Сильвейра голы (Қайрат – Ақтөбе) – 35% дауыс;
3. Бауыржан Исламхан голы (Қайрат – Актобе) – 8% дауыс.
 
Жанкүйерлер жақында өтетін «Мамыр айының үздік голы» сауалнамасына қатысаты соңғы үміткерді анықтады.