KZ
KZ RU
28 қыркүйек 2018 18:37

Пиззелли голы – Премьер-лиганың 25-турының үздігі

28 қыркүйек 2018 18:37
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бесінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Сәрсенбі күні 12 гол соғылды. Оның екеуі он бір метрлік айып добынан кейін қақпа торынан табылды.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі @pflkaz тобында жарияланған сауалнаманың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли топ жарды. «Ертіспен» өткен кездесуде ол алыстан тепкен соққысымен есеп ашқан болатын. Оның соққан голына сауалнамаға қатысқандардың 77 пайызы дауыс берді. 
 
Үздік үштік келесідей:
1. Маркос Пиззелли голы (Ақтөбе - Ертіс) – 1753 дауыс;
2. Владимир Аржанов голы (Қайсар - Қайрат) – 164 дауыс;
3. Темірлан Ерланов голы (Жетісу - Ордабасы) – 140 дауыс.
 
Маркос Пиззелли добы енді «Қыркүйек айының үздік голы» сауалнамасына қатысады.